Нобель сыйлығының лауреаты өмірден озды
АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Белгілі ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты, АҚШ физигі Роберт Ричардсон дүниеден озды.
Корнелль университетінің профессоры Р.Ричардсон жүрек ауруынан ақпанның 19-ы күні Итака қаласында қайтыс болды. Туған жері - Вашингтон. Ол Виргин технологиялық институтында білім алып, Дьюк университетінің аспирантурасында оқыды. Корнелль университетінде 1968 - 2012 жылдар аралығында қызмет етті. Сол жерде жүріп, 1996 жылы ол әріптестері - Дэвид Ли және Дуглас Ошерофф үшеуі гелий-3-тің құрамын зерттегені үшін Нобель сыйлығына ие болды. 1972 жылы олар аса төмен температурада изотоптардың жылдам ағынын ашты.