Нобель сыйлығының төрағасы Т. Ягланд әлемдегі ең беделді сыйлықты Еуроодаққа тапсырды

БРЮССЕЛЬ. 13 қазан. ҚазАқпарат - Ослода Нобель сыйлығының төрағасы, Еуропалық Кеңестің бұрынғы бас хатшысы Турбъёрн Ягланд
None
None

Еуропаны біріктіру және оны «соғыс құрлығынан бейбітшілік құрлығына» айналдырғаны үшін 2012 жылғы Нобель сыйлығы Еуроодаққа берілетіндігі туралы мәлім етті.

Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэл Баррозу бұл 500 миллион еуропалық пен еуропалық институттар үшін үлкен құрмет болып табылатындығын атап өтті.

«Еуроодақ дамушы елдерге гуманитарлық және басқа да көмектер көрсететін әлемдегі ең ірі ұйым болып табылатынын мақтан етеміз», - деп атап өтті Ж.Баррозу.  

Сыйлықтың биылғы жылғы үміткерлерінің арасында 188 адам, сондай-ақ 43 қоғамдық және халықаралық ұйым болды. Еске салайық,

үстіміздегі жылдың тамызында Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияда АҚШ Конгресінің өкілі Эни Фалеомаваега мен БҰҰ-ның канадалық өкілі Дуглас Рош Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсыну бастамасын көтерген болатын. Одан кейін хабарланғандай, бұл ұсынысты кейін жапондық парламент депутаты Хироюки Морияма қолдады.

Сыйлық 1901 жылдан бастап беріліп келеді. Ол қоғамдық-саяси және гуманитарлық қызмет саласында ең әйгілі әрі ең құрметті халықаралық сыйлық болып табылады. Биыл награданың құны 8 млн. швед кронын құрады, бұл шамамен 1,2 млн АҚШ долларына тең.

Соңғы жаңалықтар