Ноғай қызы Алина Әбдіразақова «Ғаламшар аруы» байқауында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның Созополь қаласында "Ғаламшар аруы-2015" байқауы өтті. Бас жүлдеге Астрахань қаласынан барған 7 жасар оқушы Алина Әбдіразақова ие болды.

Ноғай қызы Алина Әбдіразақова «Ғаламшар аруы» байқауында жеңіске жетті

Қыз қазылар алқасының сауалдарына жауап берген уақытта ағылшын тілінде өзі туралы, өзінің құштарлықтарымен бөлісіп, ноғайдың ұлттық киімін көрсетті, ұлттық биді орындады, - деді «Комсомольская правда» газетіне РФ Астрахань облысының әкімшілігінен.

Алина - «Тұлпар» ұлттық би ансамблінің солисі. Сондықтан сахнада өзгелерге қарағанда өзін сенімді ұстады.

- Елім мен сүйікті қаламның намысын қорғағаныма қуаныштымын, - деді қыз өнер көрсетіп болған соң. 7 жасар қыз тәж, лента мен алтын мантияға ие болды. «Ғаламшардың кішкентай аруы» атағымен бірге Алина үздік ұлттық костюм үшін де сыйлыққа ие болды.