Нокаутшы Али Ахмедов WBC титулы үшін жұдырықтасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов келесі жекпе-жегін 30 маусым күні Миннеаполисте өткізеді, деп жазды Sports.kz.

Нокаутшы Али Ахмедов WBC титулы үшін жұдырықтасады

Бұл WBC тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атағы үшін титулдық айқас болады. Оның қарсыласының аты-жөні әзірге белгісіз. Бұл оның кәсіпқой рингтегі жетінші жекпе-жегі. Бұдан алдыңғы айқастарда Али Ахмедов жеңіске жетіп, оның төртеуін мерзімінен бұрын аяқтады.