Нокауттан кейін ес жимаған боксшы жүрегін донорлыққа берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғашқы жекпе-жегінде алған жарақаттары салдарынан көз жұмған британдық кәсіпқой боксшы Куба Мочи өз жүрегін донорлыққа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Еуроспорт»-қа сілтеме жасап.
22 жастағы британдықты қарсыласы үшінші раундта нокаутқа жіберді, содан кейін ол есін жимаған. Сол күні, яғни 19 қарашада боксшының егіз әпкесі ағасының еміне ақша жинау үшін Фейсбукта парақша ашқан. Бірақ спортшы екі күннен кейін миға қанның құйылуы салдарынан көз жұмды.
The Mirror хабарлағандай, өлім фактісін тергеумен айналысқан полицейлер спортшы өз жүрегін мұқтаж науқасқа бергенін айтты.