Nokia Alcatel-Lucent-пен бірігіп, Ericsson-нан кейінгі орынға тұрақтамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Nokia 15,6 млрд еуроға (16,5 млрд доллар) Alcatel-Lucent (Франция-АҚШ) компаниясын сатып алуға келіскенін мәлім етті, деп жазады ВВС.
Енді Alcatel-Lucent акционерлері жаңа телекоммуникациялық компанияда 33,5%, ал Nokia акционерлері - 66,5% ие болады. Екі компания өкілдерінің сөзіне қарағанда, директорлар кеңесі мәмілеге келісті және келесі жылдың бірінші жартысында оның жүзеге асуын күтіп отыр. Нарықта рөлі бәсеңдеген компаниялардың бірігуі құны 40 млрд еуро болатын активтері бар топты құрды. Еуропалық нарықтағы оның үлесі, сарапшылардың есептеуінше, 35% құрайды. Бұл швециялық бәсекелесі Ericsson-нан кейінгі екінші орын.