«Nokia» компаниясы «Android» платформасында жасалған бірінші планшетін таныстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның бүкіл дүние жүзіне танымал Nokia компаниясы көпшілікке танымал Android платформасында жұмыс істейтін алғашқы планшетті таныстырды. Таныстырылым «Slush» конференциясының аясында Хельсинкиде өтті.
Планшет Nokia N1 деген атауға ие болды, деп хабарлады «Letnews». Оны ресми түрде компанияның маркетинг департаменті басшысы Себастьян Нюстрем таныстырды. «Бұл Android-қа арналған планшет, оның алюминий корпусының қалыңдығы 6.9. мм. Ол өте жеңіл - 300 грамм, экранының көлемі - 7.9. дюйм,», - деді Нюстрем. Жаңа планшеттің нарықтағы бағасы 249 доллар.