Nokia компаниясы дағдарысты бастан кешіп, бәсекелестеріне есе жіберуде - Nokia басшысы
Атап айтқанда, қазіргі таңда Nokia санатында бүгінгі ұялы телефон нарығының көшбасшысы iPhone смартфонымен тең келетін өнім жоқ. Бұл туралы Nokia басшысы Стивен Элоп қызметкерлерге жазған хатында мәлім етті, хаттың үзіндісі британ БАҚ-ында жария етілді, деп хабарлайды РБК.
«iPhone алғашқы нұсқасы 2007 жылы шыққан болатын, ал бізде әлі мұндай өнім жоқ. Android (ұялы телефон платформасы) екі жыл бұрын шығарылып, кеңінен танымалдыққа ие болды, ал Nokia - Symbian оперативтік жүйесі пайдаланушылардың бүгінгі сұраныстарын қанағаттандыра алмай отыр», - дейді С.Эллоп өз хатында.
С.Эллоптың айтуынша, компанияның қазіргі жағдайы ашық теңізде жанып жатқан мұнай платформасына тең. Аман қалу үшін «теңізге секіру» қажет, яғни батыл қадамдарға бару керек.