Нөкісте сотталған ақтөбелік 27 жүргізуші таяу уақыттары Қазақстанға оралатын болады

ТАШКЕНТ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Кеше Нөкісте сотталған Қазақстанның барлық 27 азаматы елге оралатын болды. Маусымның 24-інен 25-іне қараған түні олар босатылды және ІІМ жергілікті органдары оларды Өзбекстаннан шығарып жіберу үшін құжаттарды рәсімдеу жүргізді,

Нөкісте сотталған ақтөбелік 27 жүргізуші таяу уақыттары Қазақстанға оралатын болады

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотталғандардың адвокаттары мен туыстарының хабарлағанындай, қазақстандықтардың ешқайсысы да қамауға алынбайды. Сот үкімі шыққаннан кейін олар айыппұлды толық төлегенге дейін қамауда ұсталуы мүмкін деген жорамал болған. Алайда сотталғандардың барлығы бірдей қолхат жазғаннан кейін қысқа мерзім ішінде оларды Өзбекстаннан шығарып жіберу туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы жылғы ақпанның 26-сынан бері қамауда ұсталып келген ақтөбеліктер Қоңырат арқылы пойызбен немесе Нөкістен тікелей автобуспен Қазақстанға оралатын болады.