«Номад» Континенталды кубокта екінші жеңісіне жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Астаналық «Номад» командасының шайбалы хоккейден 2026 жылғы Континенталды кубоктың екінші кезеңінде екінші мәрте жеңіске жетті.
Қазақстандық команда бұл жолы Румынияның «Корона Брашов» клубымен кездесті.
Командалар алғашқы кезеңде бір-бір шайбадан алмасты. Екінші кезеңде астаналық команда үш шайба соқса, оған румыниялық команда бір голмен жауап берді. Шешуші кезеңде қазақстандық ұжым тағы бір мәрте көзге түсіп, қорытынды есепті белгіледі.
Номад (Астана) - Корона (Брашов) 5:2 (1:1, 3:1, 1:0)
1:0 - Әлібек (Шульга, Мұратов) - 07:02
1:1 - Уэлш (Хааранен, Валхарж) - 15:05
2:1 - Цыбин (Диқанбек, Түсіпбеков) - 22:31
3:1 - Ситников (Диқанбек, Бойко) - 27:02
4:1 - Панюков (Мерзликин) - 31:03
4:2 - Маколей (Хааранен, Валхарж) - 33:18
5:2 - Мигунов (Диқанбек, Маңғысбаев) - 44:27
Қақпашылар: Нурек - Адорьян
Осылайша «Номад» қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.
Екі ойыннан кейін қазақстандық команда алты ұпаймен D тобында көш басында келеді. Олар бұдан бұрын Италияның «Азиаго» клубын 3:2 есебімен қапы қалдырған еді.
Енді астаналық клуб алдағы ойынын Данияның «Херлев Иглз» клубына қарсы өткізеді.
«Номад» командасының құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Артём Шестаков, Джохар Дударкиев.
Қорғаушылар: Артём Королёв, Руслан Түсіпбеков, Кирилл Никитин, Александр Макаров, Хақназар Кеңесбай, Абылайхан Сүлейменов, Мәди Диқанбек.
Шабуылшылар: Артур Гросс, Олег Бойко, Никита Ситников, Әділ Бейсембаев, Николай Шульга, Батырлан Мұратов, Никита Мерзликин, Абай Маңғысбаев, Александр Мигунов, Даниил Цыбин, Асанали Русланұлы, Кирилл Панюков, Темірлан Китаров.
Айта кетсек, биыл қаңтар айында Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарына қазақстандық «Торпедо» (Өскемен) қатысты. Турнир қорытындысы бойынша «Торпедо» жүлделі екінші орынды иеленді.