«Номад» Континенталды кубоктың финалдық кезеңінде кімдермен ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM – Астаналық «Номад» командасының шайбалы хоккейден Континенталды кубоктың финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды.

в
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық команда бұл турнирдің екінші іріктеу кезеңінде Италияның «Азиагосын» 3:2, Румынияның «Корона Брашовын» 5:2, Данияның «Херлев Иглзін» 3:0 есебімен қапы қалдырып, D тобында бірінші орын алды. 

Бұл топтан үздік үштіктен көрінген «Номад», «Корона Брашов», «Херлев Иглз» финалдық кезеңге жолдама алды.

С тобынан мұндай мүмкіндікке «Руан» (Франция), «Катовице» (Польша), «Белфаст Джайантс» (Ұлыбритания) клубтары ие болды.

«Номад» командасының құрамы

Қақпашылар: Владислав Нурек, Артём Шестаков, Джохар Дударкиев.

Қорғаушылар: Артём Королёв, Руслан Түсіпбеков, Кирилл Никитин, Александр Макаров, Хақназар Кеңесбай, Абылайхан Сүлейменов, Мәди Диқанбек.

Шабуылшылар: Артур Гросс, Олег Бойко, Никита Ситников, Әділ Бейсембаев, Николай Шульга, Батырлан Мұратов, Никита Мерзликин, Абай Маңғысбаев, Александр Мигунов, Даниил Цыбин, Асанали Русланұлы, Кирилл Панюков, Темірлан Китаров.

Финалдық кезеңдегі ойындар 2027 жылдың қаңтар айына белгіленген. 

Айта кетсек, биыл қаңтар айында Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарына қазақстандық «Торпедо» (Өскемен) қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша «Торпедо» жүлделі екінші орынды иеленді