Номиналды ішкі жалпы өнім 2018 жылы 65,9 трлн. теңгеге дейін жетеді - Үкімет

АСТАНА 28 тамыз. ҚазАқпарат - Номиналды ішкі жалпы өнім 2018 жылы 65,9 трлн. теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы бүгін 2014-2018 жылдарға арналған елдің әлеуемттік-экономикалық даму болжамына арналған Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Номиналды ішкі жалпы өнім 2018 жылы 65,9 трлн. теңгеге дейін жетеді - Үкімет

«2014 жылғы номиналды ішкі жалпы өнім 38,6 трлн. теңгеден 2018 жылы 65,9 трлн. теңгеге дейін өседі деп болжанып отыр. Ал, 2014 жылы халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,6 мың АҚШ долларын құрап, 2018 жылға қарай бұл көрсеткіш 24 мың АҚШ долларына дейін жетеді», - деді Е. Досаев.