Нора Джеруто мен Дэйзи Джепкемей Азия ойындарының финалында сынға түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық жеңіл атлеттер Нора Джеруто мен Дэйзи Джепкемей Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті.

а
Фото: Никита Басов

Отандастарымыз әйелдер арасында 5000 метрге жүгіруден ел намысын қорғады. Нәтижесінде Нора Джеруто қашықтықты 15:18.21 уақытта бағындырып, бесінші орынға ие болды. Ал Дэйзи Джепкемей 15:37.89 уақыт нәтижесімен жетінші орын алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Яви Винфред (Бахрейн) жарыста топ жарды - 15:10.18. Күміс медаль Нодзоми Танакаға (Жапония) бұйырды - 15:11.65. Үндістандық Парул Чаудхари үшінші орын алды - 15:14.61.

Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден күміс алған еді.

Қазақстан боксшыларының Азия ойындары жартылай финалындағы қарсыластары анықталғанын жазған едік.