18:32, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Норильскіде әйнегі жарылған ұшақ жерге қонды
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Норильскіде әуеге көтерілгеннен соң алдыңғы терезе әйнегі жарылып кеткен «Таймыр» әуекомпаниясының Boeing-737-800 ұшағы апатсыз қайтадан әуежайға қонды, деп хабарлайды РБК.

Батыс Сібір көлік прокуратурасы хабарлағандай, сынықты байқаған сәтте әуе кемесінің командирі өздері ұшып шыққан Норильск әуежайына қайта қонуға шешім қабылдаған. Норильск - Санкт-Петербор бағыты бойынша қатынайтын ұшақ бортында 38 жолаушы, 65 килә заттар мен 590 килә жүк болған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер болған жоқ.
Аталған факті бойынша Дудинск көлік прокуратурасы Ұшу қауіпсіздігі мен авиа қауіпсіздігі туралы РФ заңдылығын орындау мақсатында тексеру шараларын бастады.