Норильскідегі жылу-электр стансасында жарылыс болды: құрбан болғандар бар

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Ресейдің Норильск қаласында 2-Жылу-электр стансасында жарылыс болды, деп хабарлайды РБК.
None
None

Жарылысқа станса аумағында сутегінің төгілуі себеп болған, деген долбар бар. Соңғы ақпараттар бойынша бір адам - электр монтажшы - қаза болған. Бірақ та, құрбан болғандардың саны көбеюі мүмкін, дейді дерек көз.

Жарылыстың екпінінен 5 қабатты әкімшілік ғимарат қирап отыр. Үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін.

Жылу-электр стансасының жұмысы уақытша тоқтатылып, тұрғын үй орамдары ыстық сусыз қалды. Оқиға орнында апат салдарын жою жөніндегі штаб құрылды, төтенше жағдайлар ведомствосының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар