Norman Atlantic паромында мерт болғандардың саны 11 адамға дейін өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Ион теңізінде Norman Atlantic паромындағы өрт кезінде көз жұмған 11-ші адамның денесін таптвы, деп хабарлады РИА Новости Италияның жағалаулық күзетіне сілтеме жасап.

Norman Atlantic паромында мерт болғандардың саны 11 адамға дейін өсті

«Өлген адамдардың саны 11-ге дейін жетті», делінген жағалаулық күзеттің Твиттердегі ресми парақшасында.

Бұдан бұрын он адамның қазаға ұшырағаны хабарланған болатын, оның ішінде бір грек және үш итальяндық болды.

Игуменица айлағынан шыққан паромдағы өрт жексенбі күні таңертең гараждық бөлікте басталды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бортта 478 адам - жолаушылар мен экипаж мүшелері болған. Құтқару операциясы бір тәуліктен астам уақытқа созылды. Грекия жағалаулық күзетінің мәліметтері бойынша, 432 адам құтқарылған, итальяндық тарап 427 адамның құтқарылғанын тілге тиек етеді.

Прокурор Джузеппе Вольпенің хабарлауынша, өртенген паромды итальяндық Бриндизи айлағына сүйреп жеткізу туралы шешім қабылданды.