Норвегия басылымы QazVac вакцинасының ерекшелігін түсіндірді
«Бұл жаңалық кем дегенде бірнеше маңызды аспектіден тұрады+. Қазақстанның өз вакцинасын шығаруы таңғалдырып жатқан жоқ. Өз вакцинасын шығару бағытында бірнеше ел жұмыс атқаруда. Қазақстанда осыны жүзеге асыратын зерттеушілік орта бар. Біздің ойымызша, бұл вакцинаның оқшауланып, секвенцияланған нақты Covid-19 вирусының негізінде шығарылғаны қызық болып отыр.
Біздің түсінгеніміз, тіпті фармацевтикалық алыптардың ең танымал вакциналары да вирус бөлігінің өзінен емес, компьютерлік модель негізінде шығарылады», - деп атап өтті Steigan.no.
Басылым QazVac вакцинасын эксперименталдық элементтері жоқ дәстүрлі вакцина деп атаған.
«Басқа маңызды ақпарат – бұл вакцинаны сақтау үшін ең төмен температура қажет емес, оған тоңазытқыштағы қалыпты температура да жеткілікті. Бұл оны көпшілікке, соның ішінде кедей елдер үшін қолжетімді етіп отыр», - деп түйіндеді Steigan.no.
Автор: Ілияс Омаров