Норвегияда 2017 жылғы Нобель сыйлығы тапсырылды
ICAN жүзден астам елдегі үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіреді.
Құрмет грамотасы, нобельдік медаль мен 9 млн шведтік крон (ағымдағы бағам бойынша шамамен 1,1 млн доллар) сомасындағы чек ICAN-ның атқарушы директоры, Швеция азаматшасы Беатрис Финге, сондай-ақ 85 жастағы жапондық Сэцуко Тэрлоуға табысталды. Атап өтілгендей, Сэцуко Тэрлоу жас кезінде Хиросимаға жасалған атомдық бомбалауды өз көзімен көрген, кейін көптеген жылдар бойы ядролық қаруға тыйым салу жолында күресіп келеді.
«ICAN-ның басты үндеуі - ядролық қарудан бас тартпайынша - әлемде қауіпсіз болмайды. Мұны ядролық қарудан туындайтын қауіп-қатер күшейе түскенін жіті сезінетін миллиондаған адам түсінуде. Бұл КХДР-дағы ахуалға да байланысты», - деп атап өтті Норвегиялық Нобель комитетінің төрағасы Берит Райсс-Андерсен.