Норвегияда әйелдерді әскерге алу жөнінде заң жобасы мақұлданды

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Норвегия Парламенті көпшілік дауыспен әйелдерді әскерге алу жөніндегі заң жобасын қабылдады. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап Утро.ру хабарлайды.

Норвегияда әйелдерді әскерге алу жөнінде заң жобасы мақұлданды

«Барлық азаматтардың жынысына қарамай құқықтары және міндеттері тең болу керек. Біз әйелдерді әскер қатарына солдат санын көбейту үшін емес, бізге үздіктерді іріктеу керек болғандықтан шақырамыз», - деп мәлімдеді Норвегияның Қорғаныс министрі Анне-Грете Стрем-Эриксен.

2020 жылға қарай елдегі әскерилердің 20 пайызын әйелдер құрайды, ал қазіргі кезде Норвегия қарулы күштерінде олардың үлесі 9 пайызды құрап отыр.