Норвегияда бортында 14 адамы бар тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегияның оңтүстік-батыс жағалауындағы Беген қаласының маңында бортында 14-тен кем емес адам болған тікұшақ құлады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Норвегияда бортында 14 адамы бар тікұшақ апатқа ұшырады

Жергілікті БАҚ апат куәгерлеріне сілтеме жасап хабарлағандай, тікұшақ шағын аралға құлап, жарылған.

Жергілікті полиция өкілі тікұшақ апат салдарынан толық қирағанын айтты.

Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандар және жарақаттанғандар туралы нақты ақпарат әлі жария етілмеді.
Ресейлік «РиаНовости» агентігінің хабарлауынша, апаттан 15-тен кем емес адам қаза тапқан.