Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Норвегияда қасқырларды жаппай қыруға рұқсат берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегия билігі қасқырды атуға арналған 47 рұқсат қағазын таратып берді, деп жазады «Хабар 24».

Норвегияда қасқырларды жаппай қыруға рұқсат берілді

Бұл жаңалықты жергілікті фермерлер қуана қарсы алса да, табиғатты қорғаушы ұйымдар қарсылық білдірді. Себебі бұл қадам елдегі фермерлік шаруашылықтардағы жануарларды түз тағысынан қорғап, сол арқылы фермерлерден түсетін қаражатты арттыру мақсатында жасалып отыр, деп жазады gismeteo.

Rovdata ұйымының хабарлауынша, өткен қыста ел аумағында небәрі 68 қасқыр болған. Бірақ, көктем айларында олар көбейіп, саны артқан болуы мүмкін.  Ал жаз айларында Норвегия парламенті қасқырлардың санын едәуір азайтуға рұқсат беретін құжатты мақұлдаған еді.