Норвегияда Қазақстан аптасы өтті

Осы күндері Ослодағы ҚР Елшілігі Қазақстан мен Норвегия Корольдігі арасындағы екіжақты қатынастардың мерейтойлық 20 жылдығын салтанатты қабылдаумен қорытындылады.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Норвегияда Қазақстандық аптаның ұйымдастыруына екі жыл бұрын жергілікті диаспораның бастамасымен Норвегияда құрылған "Norsk Kasakhisk Kultursenter" қазақ мәдени орталығы зор қолғабыс көрсетті.
Апталық аясында Норвегияның мемлекеттік концерттік залында қазақ музыкалық фольклорлық шығармашылығының шеберлері - «Тұран» ансамблі өз өнерлерін көрсетті. Норвегиялықтар Қазақстаннан келген жас музыканттарды жылы шыраймен қарсылап, ризашылықпен қол соқты. Әртістер өздерінің соло концертімен жылсайынғы өтетін «Oslo International RUMI Festival- 2012» атты фестивальдың шмылдығын ашты.
Норвегияда өткізілген Қазақстан аптасы шеңберіндегі Норвегия кинематография институтының Кино үйінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Қыз жылаған» (2003), «Келін» (2009), «Секіріс» (2010) және «Жаужүрек мың бала» (2012) фильмдерінің көрсетілімдері те табысты өтті.
Апта ішінде қазақстандық іс-шараларға қатысқан норвегиялықтардың пікірлері бойынша «осындай мәдени іс-шаралар ел жөнінде объективті және әртүрлі ақпаратты алудың қолжетімді және тиімді көзі болып табылады, ал бұл туралы еуропалық БАҚ, өкінішке орай, аз және бір жақты жазуда».
Сахналық шығармашылық немесе кинематография болсын, жоғары дәрежедегі кәсіпқорлықпен, дарындылықпен және шығармашылық еркіндікпен сипатталатын бүгінгі күнгі қазақстандық өнер серпінді дамыған мемлекет ретінде Қазақстанның айқын жетістігінің мысалы болып табылады. Осындай сөзсіз жетістіктер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екені аталып өтілді.
Қазақстан мен Норвегия арасындағы қатынастардың мерейтойлық 20 жылдығына орай салтанатты қабылдауда Норвегия Корольдігінің СІМ жоғары лауазымды қызметкері Стейн Иверсен өзінің сөзінде елдің қалыптасуындағы Президент Н.Назарбаевтың көрнекті рөлі мен халықаралық аренада, ең алдымен, ғаламдық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау мәселелеріндегі оның қажырлы еңбегіне жоғары баға берді.
Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуы Қазақстанның тамаша жетістіктері мен оның Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының әлем алдындағы зор беделінің айқын айғағы екені атап көрсетілді.
Қазақстанға арналған аптаның мақсаты біздің еліміздің Скандинавияда туристік тартымдылығын көтеруге бағытталған болатын. Қазақстандық іс-шараларға қатысқан қонақтарға әдейі осы мақсатқа арналған кәдесыйлар мен буклет материалдары табыс етілді.
Жергілікті халық арасында Қазақстан туралы мағлұматты таратуда Ослодағы Елшіліктің жүзеге асырып отырған стратегиясы өзінің тиімділігін көрсетті - Скандинавия елдерінен Қазақстанға баратын туристердің көлемі соңғы жылда екі есе көбейді!