Норвегияда қыздар да армияда қызмет етуге міндетті болмақ
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Норвегияда депутаттар қыздарды да ерлермен бірдей армияда қызмет етуге міндеттейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Ерікті армия қызметі енді міндетке айналды. Жігіттермен қатар қыздарды да армия қатарына шақыру 2015 жылдан басталмақ.
"Бүгін - тарихи күн. Енді әйелдер де елдің қорғаныс қабілетіне ықпал етуі норвег әскерімен қатар, олардың өздеріне де маңызды", - деді корольдіктің қорғаныс министрі Анне-Грете Стрем-Эриксен.
"Мен Норвегияның Еуропа елдерінде алғашқы болып қарулы күштерге әйелдерді шақыруды міндетке айналдырғанын мақтан етемін, басқа мемлекттер де біздің үлгімізді қостайды, деп сенемін", - деді ел СІМ басшысы Эспен Барт Эйде.
Бірнеше жылдан бері Норвегия үкіметі әйелдерді елдің экономикалық және әлеуметтік саласына тартуға жәрдемдесуде. Нақ осы мемлекетте саяси қызметте отырған және топ-менеджер қызметін атқаратын әйелдер басқа елдегіден әлдеқайда көп.
Бүгінде елдегі қарулы күштер қатарында әйелдердің үлесі 10 пайызға жуықтайды. Жаңа заң осы көрсеткішті екі есе - 20 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жыл сайын норвег армиясының қатарын 9 мың адам толықтырады. Сарапшылар әскерде қызмет ету бұрынғыша армиямен өз тағдырын байланыстырғысы келетіндердің ісі болады, бұл арада жынысы маңызды емес, деп атап өтуде.
Сондай-ақ Кубада, Израильда, Ливияда, Тунисте және орталық Африканың кейбір елдерінде әйелдердің армияда қызмет етуі міндетті.