Норвегияда шетелдік туристер мінген автобус өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік туристер мінген шведтік автобус Норвегияның солтүстік-шығысындағы Гудванга тоннелінде өртке оранды, деп хабарлайды ТАСС шведтік The Local басылымына сілтеме жасап.

Норвегияда шетелдік туристер мінген автобус өртенді

Оқиға салдарынан жеңіл жарақат алған бес адам ауруханаға жеткізілді. Тоннельден барлығы 30-дан астам адам қауіпсіз жерге шығарылған. Әзірге өрттің шығу себептері белгісіз. Тоннель жабылды, құтқару қызметтері жұмыс жасауда. Жаз маусымында ұзындығы 11,6 шақырымға созылатын Гудванга тоннелі маңындағы Нерёй-фьордқа әлемнің барлық түкпірінен туристер келеді.