Норвегияда төрт жасар қыз ұйқысұрап үйінен ұзап кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт жасар норвегиялық бүлдіршін ұйқысұрап түсінде 4 шақырымнан артық жол жүрген. Бұл Норвегияның солтүстік өңіріндегі Хоннигсвог қалашығының тұрғыны таңғы 6-да ұйықтап жатқан баланы тауып алып, полицияға хабарлағаннан кейін анықталып отыр, деп жазады Росбалт.

Норвегияда төрт жасар қыз ұйқысұрап үйінен ұзап кеткен

Дүйсенбі күні, 15 қыркүйекте, тағы 6:15-те полицияға қоңырау түсіп, қала тұрғыны кіреберісте жұқа киіммен қыз бала ұйықтап жатқанын хабарлаған.

Полиция оның өз үйінен Хоннигсвогке дейін төрт шақырым ұқялы-ояу жүріп келгенін анықтады. Сол түні ол аймақта дауыл тұрып, түнде температура нөлге дейін төмендеген. Бірақ, ол да қызды ұйқысынан оята алмаған, денсаулығы да жақсы.

Батыс Финнмарк полициясының басшысы Ян-Улаф Шьельберг басылымға бүлдіршіннің туыстарымен хабарласқаныны айтты. Ол полицияға өз есімі мен мекенжайын айтып берген.

Туыстарының айтуынша, мұндай жағдай кішкентай қыздың басынан бірнеше рет өткен, алайда дәл мұндай ұзақ қашықтыққа түсінде «сапар» шегуі бірінші рет екен.