Норвегияда жағажай волейболынан «Үлкен дулыға» әлемдік турының кезеңдік сайысы өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жағажай волейболынан Норвегияда өтетін Әлемдік «Үлкен дулыға» турының кезеңдік сайысына қатысу үшін Алматыдан аттанып кетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл байрақты бәсеке маусымның 30-ы мен шілденің 4-і аралығында Норвегияның Ставангер қаласында өтеді. Онда ел намысын қорғайтын қазақстандық жұпты жаттықтырушы Денис Ровкин бастап алып барады. Олар бұдан соң шілденің 7-сі күні Швейцарияда өтетін кезеңдік сайысқа да қатыспақ.

Жалпы Александр мен Алексей бұған дейін «Үлкен дулыға» әлемдік турының Чехияның Прага қаласында өткен жарысына да қатысқан еді. Онда олар іріктеу кезеңінде Беларус пен Дания спортшыларын ұтып, үшінші раундта ресейліктерге есе жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар