Норвегиялық әскери «Геркулес» ұшағы із-түзсіз жоғалып кетті
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Норвегиялық әскери-көлік ұшақ Швецияның солтүстігінде жоғалып кетті. «Геркулес» С-130 НАТО оқулары аясында жаттықтыру ұшуын орындау барасында жоғалды,
деп хабарлады Fox News .
Кируна қаласынан 80 шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша 14.43-те «Геркулес» ұшағының экипажымен байланыс үзілді. Аталмыш ұшақты іздестіруге 2 тікұшақ пен құтқару ұшағы жұмылдырылды. Алайда ауа райының қолайсыздығы іздестіру жұмыстарына кедергі келтіруде.
"Локхид C-130 Геркулес" бұл орташа және алыс қашықтыққа ұша алатын ең көп таралған әлемдегі әскери-көліктік ұшақ.