Норвегиялық қылмыскер 30 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Норвегияда қатарынан екі лаңкестік жасаған Андерс Брейвик 30 жыл бас бостадығынан айырылуы мүмкін.

Норвегиялық қылмыскер 30 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Норвегияның Қылмыстық кодексі адамдарды өлтірген қылмыскерге осындай жаза кеседі. Жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлағандай, Норвегияда бұрын-соңды мұндай жаза қолданылмаған.

Дүйсенбі күні Ослода оның ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы өтті. Тыңдау барысында Брейвик өз кінәсін мойындаудан бас тартқан. Сот шешімі бойынша Брейвикті тұтқында ұстау мерзімі сегіз аптаға ұзартылды. Сондай-ақ оған жақындарымен кездесуге, хат алысуға тыйым салынды.