Норвегиялық жігіт 150 км/сағ жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан Audi R8-ден қарғып өтті - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегиялық Никлас Штрандбратен атты жас жігіт өткен жылы Швеция азаматы орындаған экстремалды трюкті қайталады, деп жазады Bold Ride.
Бір жыл бұрын Алассан Исса Гобитака сағатына 130 шақырым жылдамдықпен келе жатқан Lamborghini спорт машинасынан секірді. Ал Никлас болса, одан асып түсу үшін одан жылдам Audi R8-ді таңдапты.
«Мен, оны осындай іске баруды қалағаны үшін нағыз ақымақтық өзі деп білем. Бірақ, маған бәрібір», - деді Никласқа трюкті жасауға көмектескен оның танысы.