Норвегиялық зообақта ала құланды келушілердің көзінше жолбарысқа жем қылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегиялық Кристиансанн қаласындағы Дюрепарк зообағында келушілердің көзінше басы шабылған ала құланды аш жолбарыстарға тастады.
Қызметкерлер зообақта шөпқоректі жануарлардың бұл түрі көп болғандықтан, оны жыртқыштардың азығы етуді шешкен, деп хабарлады Daily Mail.
Әкімшіліктің бұл әрекеті Дюрепарк жануарлар бағын балаларымен бірге көруге келген адамдардың наразылығын тудырғаны аталып өтілді.