Норвегияның ханзадасы Х.Магнус астаналық студенттерге дәріс оқиды
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ертең, ақпанның 5-і күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанға ресми іссапармен келген Норвегия Корольдігінің тақ мұрагері ханзада Хокон Магнус дәріс оқиды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Х.Магнустың дәрісі «Біріккен Ұлттар ұйымының «Мыңжылдықты дамыту бағдарламасы» тақырыбына арналады. Іс-шара барысында мәртебелі мейман студент-жастардың сауалдарына жауап бермек. Сондай-ақ Норвегия Корольдігінің тақ мұрагері ханзада Хокон Магнусқа «Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры» ғылыми атағы салтанатты түрде табысталады.