09:57, 18 Шілде 2015 | GMT +5
Нөсер жаңбыр салдарынан 1,6 мың жолаушысы бар пойыз 4 сағаттан астам тұрып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның орталық бөлігінде тоқтаусыз селдеткен нөсер жаңбыр салдарынан ішінде 1,6 мың жолаушысы бар пойыз 4 сағаттан астам тұрып қалды.
Бұл туралы West Japan Railway темір жол компаниясына слтеме жасаған Би-би-си хабарлады.
Олардың мәліметтеріне қарағанда, экспресс Цуруга Фукуи(префектурасы) - Химэдзи (Хёго префектурасы) бағдары бойынша келе жатқан.
Бұл кешкі рейстің бірі болғандықтан 12 вагонның бәрі лық толған. Шамамен жолдың ортасында Киото префектурасында қатты нөсер салдарынан 4 сағатқа тоқтап қалған пойыз қозғалысы бүгін таңертең ғана қайта жанданды.
Өзін нашар сезінген 19 адам жақын стансадағы ауруханаға жеткізілді.
Жапонияның оңтүстік батыс және орталық бөлігіндегі "Нангка" тайфуны салдарынан 2 адам қаза тапты, 30-дан астамы жапа шекті. Қазір тропикалық дауыл күшін жойды.