Нөсер жауын, дауыл, найзағай: 11 маусымға арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 11 маусым күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нөсер жауын, дауыл, найзағай: 11 маусымға арналған ауа райы

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты құбылмалы, тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Еліміздің оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел күшейеді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, бұршақ жауады. Жел жылдамдығы 23-28 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел қарқыны 15-20, күндіз 25 м/с жетеді. Таулы аудандарда дауыл болады.

Алматы облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіліп, найзағай кезінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл көтеріліп, бұршақ жауады. Күндіз жел жылдамдығы - 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе, түнде Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.