Нөсер жауын мен қатты жел салдарынан Татарстанның мыңдаған тұрғыны жарықсыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстанда ауа райының бұзылуына байланысты 12 мың адам жарықсыз қалды, деп хабарлады республиканың ТЖМ сайты.
"17 қазанда мәскеу уақыты бойынша сағат 17:08-де Татарстан Республикасында табиғаттың тосын мінезінен (18 м/с-қа дейін күшті жел, нөсер, ағаштарды мұз басты) республиканың 11 ауданында жоғары вольтты желі үзілді ", - делінген хабарламада.
12 мың 165 адам тіршілік ететін 72 елді мекен электр жарығынсыз қалды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 12 бригада, 12 техника, «Желілік компания» ААҚ-дан 36 адам жұмылдырылды.