Нотариус қаза тапқан миллиардер Минеевтің мүлкін таба алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нотариус заңда бекітілген мерзімде көз жұмған ресейлік ірі бизнесмен Александр Минеев мүлкінің куәлігін оның туыстарына бере алмаған.

Нотариус қаза тапқан миллиардер Минеевтің мүлкін таба алмады

Оның басты себебі, ресми құжат бойынша құны $1 млрд болатын Мәскеудегі мүлкі бар магнат кедей болып шықты.

"Росбалтқа" дереккөз хабарлағандай, осы аптада Минеевтің өлгенінен 6 ай өтті. Нотариус Алексей Соловьев бизнесменнің туыстарына оның мүлкінің куәлігін беруі тиіс еді. Алайда ол мұны орындамады. Өйткені Минеевтің атына жазылған мүлік болмай шықты. Ресми құжаттар бойынша бұл бизнесменде 3 ұсталған көлік қана болған. "Минеевтің барлық активтері жасырылыпты. Александрдың иелігінде не болғанын дәлелдеу мүмкін емес ", - деді дереккөз.

Еске сала кетейік, 2014 ж 22 қаңтарда киллерлер көлік ішінде болған "Партия" фирмасының негізін қалаушы Александ Минеевті атып кетті. Ал бұған дейін бизнесменге тиесілі құны $1 млрд болатын 21 мүлік нысаны жалған құжат бойынша Дағыстан тұрғындарының атына көшірілген.