04:36, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
Ноутбуктерге арналған 10 терабайттан астам жады жинақтағыш шығарылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Micron Technology жады өндіруші компаниясы ноутбуктерді 10 Тб астам сыйымдылықпен қамтамасыз ететін флеш-жадыны шығаратындығын жария етті, деп жазады 24.kz.

Newsru.com сайтының хабарлауынша, бұл жаңа технология Intel компаниясы инженерлерінің қатысуымен жасалған. Оның негізі бір-бірінің үстіне қондырылған көптеген ұяшықтардан тұрады.
Жұмыс барысында мамандар сол әдіспен ұяшықтардың 32 қабатын орналастырған. Сол арқылы олар жинақтағыш құрылғы жадын 32 Гб, содан соң 48 Гб-ға дейін арттырыпты. Ал шығарылуы жоспарланып отырған 10 Тб-лық жады жинақтағыштар небәрі 6 сантиметрлік флеш-дисктермен көлемдес болып келеді екен.
Сыйымдылығы зор мұндай құрылғылар саудада келер жылдан бастап пайда болады.