Новак Джокович алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Серб Новак Джокович өз мансабында алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Лента.ру».
5 маусым, жексенбі күні өткен финалдық сында ол ағылшын Энди Марреемді 3:6, 6:1, 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Осылайша ол «Үлкен дулыға» дәрежесіндегі 4 кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, өз мансабындағы алғашқы «дулығаға» қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай жетістікке жеті спортшы жеткен: Фред Перри (Ұлыбритания), Дон Бадж және Андре Агасси (екеуі де АҚШ-тан), Род Лэйвер мен Рой Эмерсон (екеуі де Австралиядан), Роджер Федерер (Швейцария) және Рафаэль Надаль (Испания).