00:02, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
«Новая волна» фестивалі Юрмаладан Сочиге «көшірілуі» мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Краснодар аймағының губернаторы Александр Ткачев «Новая волна» фестивалін өткізуді Юрмаладан Сочи қаласына ауыстыру туралы келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады, деп жазады ВВС.
Губернатордың айтуынша, Сочимен қатар, Калининград, Ялта, Қазан қалалары да фестивалге «таласып» отыр.
Фестивалді көшірудің бір себебі ресейлік әншілер: Иосиф Кобзон, Олег Газманов, Валерияға Латвия СІМ тарапынан елге кіруге тыйым салынғандығы себеп болған. Delfi агенттігінің хабарлауынша, Юрмала Думасы «Новоя волна» мен «Comedy Club» шоуының көшетені туралы нақты ақпарат келіп түспегенін мәлімдеді. РИА Новости агенттігінің жазуынша, «КВН» халықаралық одағының президенті Александр Масляков «Голосящий КиВиН» командалар фестивалін өткізуді басқа қалаға көшіру туралы нақты шешімді әлі қабылдамаған.