Новгород облысының тұрғындарына пеш жағуға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Новгород облысы аумағында өртке қарсы шараларға байланысты айрықша режім орнатылды.
None
None

Бұл туралы осы өңірдің ТЖМ МБ хабарлады. Облыс үкіметінің өкіміне сәйкес аймақта пеш жағуға және елді мекендерде, орманды алқаптарда от жағуға тыйым салынды.

Айрықша режім 25 мамырға дейін созылады. Новгород облыстық орман шаруашылығы және орман өнеркәсібі комитетінен хабарлағандай, маусым басталғалы бері (2014 жылғы наурыздан) облыс аумағында қазірдің өзінде алты орман өрті тіркелген. Тілсіз жаудан 6,8 гектар орман зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум