Новгородта қызметші қонақүй тұрғынының ұмыт қалдырған миллион рублін тауып алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Новгородта қонақүйлердің бірінде қызметші келген қонақтардың бірі матрас астында ұмыт қалдырған миллион рублін тауып алған.

Новгородта қызметші қонақүй тұрғынының ұмыт қалдырған миллион рублін тауып алған

Қонақүй әкімшілігінен «Интерфакске» хабарлағандай, қызметші босаған бөлмелерді жинап жүріп, кереуеттен пакет тауып алады. Онда АҚШ доллары, еуро, рубльмен ірі сомада ақша болған. Ресей валютасымен есептегенде 1 млн рубльді құраған.

Қонақүй әкімшілігі клиентпен жедел хабарласып, ол Новгородқа қайта келіп ақша салынған пакетін алып кеткен.