Новороссийск портындағы өрт Қазақстан мұнайын тиеп жөнелтуге кедергі келтірген жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Новороссийск теңіз сауда портындағы өрт Қазақстан мұнайын тиеп жөнелтуге кедергі келтірген жоқ. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Новороссийск портындағы өрт Қазақстан мұнайын тиеп жөнелтуге кедергі келтірген жоқ
Фото: svetland-oil.kz

«Аталған оқиға Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалы және Новороссийскі портына жақын Шесхарис жүк ауыстырып тиеу кешені арқылы қазақстан мұнай жоспары тиеуге әсерін тигізген жоқ. Қазіргі уақытта Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалы және Новороссийскі порты Шесхарис мұнай терминалы арқылы қазақстпан мұнайын тиеу штатты және жоспарлы режимде жүзеге асырылып жатыр», - делінген Энергетика министрлігінің ақпаратында.

Айта кетейік, Новороссийск теңіз сауда портының жүк терминалындағы ашық өрт Астана уақытымен сағат13:44-те сөндірілген болатын.