Новосібірде екі оқушы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлді

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Новосібірде екі оқушы қыз көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан секіріп, өз-өздеріне қол салды.

Новосібірде екі оқушы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлді

Бұл туралы РБК хабарлады.

РФ Ішкі істер министрлігінің Новосібір облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше кешқұрым полицияға Горский тұрғын алқабында екі қыздың мерт болғандығы туралы хабар түсті.

Тексеру барысында анықталғандай, оқушы қыздар көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан секіріп кеткен. Олардың жеке заттарының арасында ұялы телефондар болды. Зақым келмеген олардың бірінен полиция қызметкерлері 5 минутқа созылған бейнежазбаны тапты. Қыздар туғандарымен және достарымен қоштасқан.

Оқушылар 14 және 17 жаста болды, екеуі де Новосібір тұрғындары.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша тергеуалды тексерулер жүргізілуде.