Новосібірде жоғалып кеткен әлем чемпионының мәйіті табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Новосібірде 21 мамырда жоғалып кеткен 25 жастағы каратэден әлем чемпион Антон Кривошеевтің мәйіті табылды, деп хабарлады ТАСС.
None
None

«Новосібірдің Октябрь ауданында жолаушы қара қапқа салынған мәйітті тапты», - деді агенттікке ІІМ облыстық басқармасының баспасөз қызметінен.

Антон Кривошеевті полиция мен «ДоброСпас» ұйымының еріктілері іздеген. Еріктілердің ақпаратынша, спортшы үйінен өзінің «Porsсhe Cayenne» маркілі автомобилімен 21 мамырда шамамен сағат 14-те шығып кеткен. Соңғы рет жақындарымен сағат 14:35 байланысқа шыққан.

Кейін оның автомобилі Новосібірдің Октябрь ауданынан табылды. Кривошеевтің құжаттары мен ұялы телефоны онда жоқ болып шықты. Антон Кривошеев - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 65 келі салмаққа дейінгі дәрежеде каратэ бойынша әлем чемпионы болған.

Соңғы жаңалықтар