NU-дың жаңа Президенті тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылғы 28 маусымдағы NU Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Президент қызметіне Ұлыбританияның азаматы Ахмад Вакар таңдалды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Ахмад Вакар
Фото: NU

Ахмад Вакар Брэдфорд университетінде (Ұлыбритания) PhD докторы дәрежесін алған.

Доктор Вакар өзінің мансап жолында Йорк университеті мен Лондон университеттік колледжі (Ұлыбритания) профессоры қызметінен Мидлсекс университетінің (Ұлыбритания) проректорына дейін көтерілген.

2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания Премьер-Министрі канцеляриясы Ғылым департаментін басқарған.

2017 жылдан бастап Абу-Даби университетінің ректоры болды. Ол басшылық еткен жылдары Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингіндегі үздік университеттер арасында 250-300 диапазонына дейін көтерілді.

Сонымен қатар ол – беделді ғылыми басылымдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми жұмыстың авторы.

Соңғы жаңалықтар