«Ну, погоди!» мультсериалының режиссері көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі мультипликатор суретші, «По дороге с облаками», «Незнайка на Луне» мультфильмдерінің режиссері Юрий Бутырин 87 жасында дүниеден озды, деп хабарлады «РИА Новости» Анимациялық кино қауымдастығына сілтеме жасап.

Юрий Бутырин 1950 жылдардың соңында «Союзмультфильмде» мультипликаторлардың курсын тәмамдады.

Кейін «Дюймовочка», «Вовка в Тридевятом царстве», «Хочу бодаться», «Конек-горбунок», «По следам бременских музыкантов» сияқты мультфильмдерді құрастырғанда мультипликатор суретші болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол «Карлсон» туралы мульфильмдердің қоюшы суретшісі болған.
1970 жылдары Бутырин телевизиядағы «Экран» шығармашылық бірлестігінің режиссері болды. Оның белгілі жұмыстары: «Ну, погоди!», «Трям, здравствуйте», «Нехочуха», «Большой Ух» фильмдері және т.б.
1990-шы жылдары Бутырин «Незнайка на Луне» мультфильмінің қоюшы режиссері болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram