Нуман Куртулмуш Түркия парламентінің спикері болып қайта сайланды

АСТАНА. KAZINFORM — Ыстанбұлдан сайланған депутат, билік басындағы «Әділет және даму» партиясының (ӘДП) өкілі Нуман Куртулмуш Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының (ҰҰЖ) спикері болып қайта сайланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Нуман Куртулмуш Түркия парламентінің спикері болып қайта сайланды
Фото: Anadolu ajansı

Үшінші турда жасырын дауыс беру нәтижесінде Нуман Куртулмуш 329 дауыс жинап, қажетті 301 дауыстан сенімді түрде өтті.

Нуман Куртулмуш кім?

Нуман Куртулмуш Түркия парламентінің спикері болып қайта сайланды
Фото: Anadolu ajansı

Нуман Куртулмуш — Түркия саясатындағы негізгі тұлғалардың бірі. Ол Орду провинциясында дүниеге келген, Ыстанбұл университетінің экономика факультетін тәмамдап, кейін профессор, экономика ғылымдарының докторы атанды. Саяси қызметке дейін ғылыми зерттеулермен айналысып, түрлі университеттерде дәріс оқыды.

2012 жылдан бері ол билік партиясы — Әділет және даму партиясы (ӘДП) құрамында белсенді жұмыс істеп келеді. Бұған дейін оппозициялық «Справедливость и развитие» партиясында және исламистік бағыттағы «Ізгілік партиясында» (Fazilet Partisi) болған. Әр жылдары вице-премьер, мәдениет және туризм министрі, партия төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Куртулмуш — ӘДП идеологтарының бірі саналады, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жақын серігі, партияның ішкі және сыртқы саяси бағытын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ол «түрік демократиясы моделін» және басқару жүйесінде парламенттің рөлін күшейтуді қолдайды.

Спикерлікке қайта сайлануы нені білдіреді?

Нуман Куртулмуш Түркия парламентінің спикері болып қайта сайланды
Фото: Anadolu ajansı

Алғашқы екі турда ешбір үміткер қажетті дауыс санын жинай алмаған соң, шешуші болып үшінші тур саналды. Куртулмуштың жеңісі билік партиясы ішіндегі ауызбіршілік пен қолдаудың жоғары деңгейін көрсетті және парламенттегі ықпалын одан әрі нығайтты.

Куртулмуш жаңа қызмет мерзімінде үкіметтің заңнамалық бастамаларын ілгерілету, парламент тұрақтылығын сақтау және фракциялар арасындағы диалогты қамтамасыз ету бағытын жалғастырмақ. Бұл, әсіресе, саяси бәсекелестік пен қоғамдық қысымның артуы аясында ерекше маңызды.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда Ата заңды жаңарту жоспары жарияланған болатын. Президент Ердоған жаңа Конституция қабылдаудың қажеттілігін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар