«Нұр Астана» мешітінде ақсақалдар мектеп түлектерін сабырға шақырды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Жолың болсын, жас түлек!» атты рухани кездесу өтті. Бұл шараға қала мектептерінің түлектері шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Нұр Астана» мешітінде ақсақалдар мектеп түлектерін сабырға шақырды

null
«Мектеп бітіргеннен кейін, біздің жастарымыздың алдында үлкен емтихан тұрады. Жоғары білім алу үшін оқу орнынан түсу жолдары емтиханның (ҰБТ) нәтижесіне байланысты болады. Сондықтан біздің балаларымыз рухани нәр алсын, рухани тәрбие алсын деген мақсатпен биылғы мектеп түлектерін мешітке шақырып, ақсақалға бата бергізіп жатырмыз. Сонымен қатар өзіміздің тәлімімізді айтып, ата-аналарға құрмет көрсету әрекетін жасауға ақылымызды айтамыз»,-деп тоқталды ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы.

null

Бұдан бөлек ол балалардың өзіне қол жұмсауына жол бермеу бағытында да тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
«Бәрімізге белгілі, өз өміріне қастандық жасаушылар бар, оның ішінде жастарды да байқаудамыз. Сондықтан мектеп бітірушілердің алдында тұрған емтиханы - бұл өмірдің шешімі емес. Осындай емтихан өмірде көп болады. Осы орайда әрбір емтиханға дайындалу керек, сондай-ақ оның нәтижесіне сабыр ете білу керек»,-деді Астананың Бас имамы мектеп түлектеріне қаратып айтқан сөзінде.

nullnull

Бұл тұрғыда ол Ұлттық бірыңғай тестілеу білім жолындағы бір баспалдақ екенін, дегенмен де ҰБТ нәтижесі бүгінгі жарқын өмірдің соңғы сәті емес екенін түсіндіре келе, осы емтиханның нәтижесіне сабырмен қарауға шақырды.

null
Айта кетейік, елорданың мектептерінен жиналған оқушылар мен мұғалімдерге «Нұр Астана» орталық мешіті тарапынан «Жастар арасында радикалды идеология таралуының алдын алу» атты ақпараттық-танымдық кітапша, сонымен қатар «Жас түлекке насихат» атты арнайы материалдар таратылды.
nullnull