«Нұр Астана» мешітіне жаңа I-найб имам тағайындалды

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Жақында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Астана қалалық «Нұр Астана» мешітіне Наурызбай Тағанұлы Өтпенов I-найб имам болып тағайындалды. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.

«Нұр Астана» мешітіне жаңа  I-найб имам тағайындалды

Наурызбай Тағанұлы Өтпенов 1997 жылы Ташкенттегі «имам әл-Бұхари» атындағы Ислам институтын бітіріп, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, «Көкірек ата» мешітінде имамдық қызмет атқарған.

1998-2000 жылдары ҚМДБ жанындағы екі жылдық Ислам институтында білімін жетілдірген.

2001-2006 жылдары ШҚО, Аягөз ауданының бас имамы, Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің наиб имамы;

2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкіл имамы, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы;

2011 жылдың сәуір-қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің Бас имамы;

2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.