«Нұр Целина» ЖШС-і ауыл тұрғындарын бопсалап қорқытуда - Президентке жолданған хаттардан

АСТАНА. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданындағы Лавровка ауылының тұрғындарына бір жылдан бері жалақы төленбей келеді.

«Нұр Целина» ЖШС-і ауыл тұрғындарын бопсалап қорқытуда - Президентке жолданған хаттардан

Бұл туралы бүгін Президенттің халықпен тікелей эфир арқылы тілдесуіне орай Астанада жұмыс істеп жатқан Байланыс орталығына Лавровка ауылының тұрғындары хабарласып, осы мәселені көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың хабарлауынша, бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан «Нұр Целина» ЖШС-і  бір жылдан бері халықты алдап, оларға тиесілі жалақыларын төлемей жатыр. Қазргі кезде қарыздың жалпы сомасы 28 млн. теңгеге дейін жетті. «Бүгінгі таңда үй шаруасы мен бала-шағасы бар 100-ден астам отбасы нансыз отыр деуге болады. Себебі бізге бір жылдық жалақы төленбей келеді. Осының салдарынан біз өз күшімізбен ғана күн көруге мәжбүрміз»,-дейді ауыл тұрғындарының бірі. Өз сөзінде ол аты-жөнін құпияда сақтауды өтінді. «Себебі олар қайтадан жұмыстан шығарамыз деп бопсалауы әбден мүмкін»,-деді ол.