«Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры қызметіне Ерлан Байжанов тағайындалды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры қызметіне Ерлан Байжанов тағайындалды.

«Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры қызметіне Ерлан Байжанов тағайындалды

Қайсар Жанаханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Нұр-Медиа» холдингі бас директоры қызметінен босатылды.

Ерлан Сапарұлы Байжанов 1962 жылғы 8 қазанда туған. Филология ғылымдарының кандидаты. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1965 ж.) және осы университеттің аспирантурасын (1988 ж.) бітірген.

1989-1991 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде аға оқытушы, «Советы Казахстана» газетінің парламенттік шолушысы, бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасады.

1991-1996 жылдары кәсіпкерлік салада жұмыс жасады.

1996-2005 жылдары СІМ баспасөз қызметінің бірінші хатшысы; СІМ ақпарат және баспасөз бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі; ҚР Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-елшісі, ҰҚШҰ жанындағы ҚР өкілетті өкілі, ҚР мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі.

2006-2008 жылдары - ҚР Президентінің ақпараттық-талдама орталығының меңгерушісі, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы. 2008 тамыздан - «Арна-Медиа» мемлекеттік холдингінің басқарма төрағасы. 2009 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры болды.

«ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.